Тоғыз жасар Хабиб Нурмагомедовтың қонжықпен күрескен видеосы жарияланды

Видеоны 1997 жылы Дағыстан астанасы Махачкалада Хабиб Нурмагомедовтың әкесі түсірген екен
Sputnik

Желіде пайда болған видеода кішкентай Хабиб қонжықпен жекпе-жекке шығып, күресіп жүр. Аралас жекпе-жектің болашақ чемпионы жабайы аңнан қорықпай айқасқа түскен.

Жуырда Нурмагомедов америкалық Эл Яквинтаны жеңіп, жеңіл салмақта UFC чемпионы атанды. Ол 26 рет кездесуге шығып, әлі бірде-бір рет жеңілген жоқ.