Қоғам

Астанада аялдамада жас жігіт егде кісіні аяусыз ұрып-соқты

Аялдамадағы адамдардың ешқайсы жәбірленушіге араша түспеген
Sputnik

АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Астанада Уәлиханов көшесіндегі аялдамада жас жігіт қарт адамды аяусыз ұрып-соққан. Кеше болған оқиғаны тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алыпты.

Instagram желісінде жарияланған роликтен ер адам аялдама орындығында есеңгіреген күйі отырғанын көруге болады. Осы сәтте жас жігіт оның бетінен бар күшімен бір тебеді. Аялдамадағы адамдардың ешқайсы жәбірленушіге араша түспеген. Тіпті қорғануға да шамасы келмей отырғанына қарағанда оны бұған дейін де бірнеше рет ұрып-соққаны анық.