Әлем

Тістері адамдікі секілді балық жұртты шошытты – видео

Сарапшылардың пікірінше, балық летрин тұқымдас болуы мүмкін
Sputnik

АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Индонезияда Киминдоресе қаласында мектеп мұғалімі тістері адамдікіне ұқсайтын балық ұстап алды, деп жазады The Sun.

Ер адам балықты оқушысына берген. Тістерін көріп шошыған бала оны видеоға түсіріп, желіге салып жібереді. 

Роликті көрген журналистер ерекше балық туралы зерттеушілерден сұраған. Сарапшылардың пікірінше, бұл летрин тұқымдас балық.