Оқиға

Алматыда автокөлік автобуспен соқтығысты – үш адам ауруханаға түсті

Жеңіл көлік жүргізушісі жолдан бұрылмақ болған автобустың артқы жағынан соққан
Sputnik

АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Алматыда Райымбек даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысты.

Sputnik Қазақстанға куәгерлер айтып бергеніндей, автобус Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан, Желтоқсан көшесімен қиылыста жүргізуші бұрылмақшы болған. 

1 / 4
Алматыда Volkswagen Passat автобуспен соқтығысты
2 / 4
Алматыда Volkswagen Passat автобуспен соқтығысты
3 / 4
Алматыда Volkswagen Passat автобуспен соқтығысты
4 / 4
Алматыда Volkswagen Passat автобуспен соқтығысты

Осы кезде Райымбек даңғылымен Volkswagen Passat автокөлігі келе жатқан. Жүргізуші тежегішті басып үлгермей, бар жылдамдықпен автобустың артқы бөлігінен соққан.  

Жол апаты салдарынан үш адам – Volkswagen Passat-тың жүргізушісі мен екі жолаушысы зардап шекті. Олар ауруханаға жатқызылды.  

Оқиғаның мән-жайын Алматы полициясы анықтап жатыр.