АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Қытайды елдер арасындағы сауда кедергілерін алып тастауға шақырды.
"АҚШ-тың 40 жылдан бері Қытаймен сауда профициті болмаған. Олар әділетсіз сауданы доғарып, кедергілерді алып тастап, өзара баж салығын ғана салуы тиіс. АҚШ жыл сайын бес жүз миллиард доллар жоғалтады, ондаған жылдар бойы миллиардтап шығын келді. Бұлай жалғаса беруіне болмайды!" — деп жазды Трамп Twitter-де.
Бұдан бұрын Трамп ҚХР-на қарсы жыл сайын жүз елу миллиард долларға дейін баж салығын енгізуіміз мүмкін деп мәлімдеген болатын, Бейжің де бұған дәл солай жауап берді. Сауда соғысы қаупі америкалық биржаға теріс ықпалын тигізген.