Өңірлер

Қазақстанның төрт облысында үсік жүруі мүмкін

Қазақстанның оңтүстігінде үсік жүруі мүмкін, ал сегіз өңірде су басу қаупі бар
Sputnik

АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жуырда үсік жүруі мүмкін, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

10 сәуір күні түнде Қызылорда облысында, 9-11 сәуірде түнде Оңтүстік Қазақстан облысында 1-3 градус үсік жүреді, ал 11-12 сәуірде түнде Жамбыл және Алматы облысында кей жерлерде бес градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.

Сонымен қатар, Қазақстанның өңірлерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты дабылды ескерту жарияланды.

8 сәуірде Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасының көтерілуіне байланысты және жауын-шашын түсуі салдарынан қар еріп, су деңгейі артып, су басу қаупі туындайды.

8 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында өзендер арнасынан асып, тасқын болуы мүмкін.

8 сәуірде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жауын-шашын түсуіне байланысты су басу қаупі бар.