Қоғам

Астанадағы жаңа ауданның әкімі халыққа үндеу тастады

Астана тұрғындары 25 сәуірге дейін ауданды жақсарту бойынша өз ұсыныстарын жібере алады
Sputnik

АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Астананың жаңа "Байқоңыр" ауданының әкімі Ерлан Каналимов тұрғындарды ауданның жаңа бағдарламасын әзірлеуге белсенді атсалысуға шақырды. 

Астананың жаңа "Байқоңыр" ауданы әкімі тағайындалды

"Құрметті "Байқоңыр" ауданының тұрғындары! Ауданымыздың даму бағдарламасын құрастыру үшін сіздерге белсенді түрде ат салысуыңызды ұсынамын. Осы жарияланып отырған мәтіннің астына өздеріңіздің ауданды жақсарту бойынша ұсыныстарыңызды жаза отырып, мәселенің түсінікті болуын, нақты ұсыныстардың енгізілуін және мүмкіндігіңізше кері байланысқа қажетті ақпаратты немесе электронды поштаңызды қалдыруыңызды өтінемін", — деп жазды әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.


Ұсыныстар 25 сәуірге дейін жиналатын болады.


"Бірлесе отыра ауданымызда өмір сүру жағдайын жақсартып және оны одан да жайлы ете аламыз. Сіздің көмегіңіз бен креативті ойларыңызға зор үмітім бар!", — деген жаңа ауданның басшысы.