АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 5 мамырда Лас-Вегаста MGM Grand аренасында өтеді. Бұл туралы Невада штатының атлеткиалық комиссиясының (NSAC) сайтында жарияланды, ол бокс кешін өзінің күнтізбесіне қосып қойған.
Жекпе-жек HBO PPV ақылы телеарнасынан көрсетілетін болады.
Дегенмен, белгіленген күнге бір айдан аз уақыт қалса да, допингпен ұсталып, жекпе-жектен бас тартқан Сауль Альварестің орнына Головкиннің қарсыласы кім болары әлі белгісіз.
Басты кандидаттар ретінде украиналық боксшы Сергей Деревянченко мен ирландиялық Гэри О'Салливан қарастырылып жатыр.