Әлем

Жантүршігерлік жол апатынан 14 хоккейші қаза тапты

Қазіргі уақытта Канада полициясы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр
Sputnik

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Канадада жастар хоккей командасы мінген автобус жол апатына ұшырап, 14 адам қаза тапты. 

РИА Новости хабарлағандай, автобуста барлығы 28 адам болған. Олардың 14-і қаза тапты, қалғандары түрлі дәрежедегі жарақат алды. Үш адам ауыр хәлде жатыр. 

Humboldt Broncos жастар хоккей командасы отырған автобус жұма күні кешке Саскачеван провинциясындағы тас жолдардың бірінде апатқа түскен.  

Құқық қорғау органдары қазір жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.