Өңірлер

Ақмола облысындағы шахтада жұмысшы вагон астына түсті

Қатты соққыдан машинистің кеуде қуысы сынып кеткен
Sputnik

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Ақмола облысында кен орнындағы жұмыс кезінде машинист жарақат алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті. 

Оқиға бейсенбі 5 сәуірде "Қазақалтын" тау-кен комбинатының "Центральная" шахтасында болған. 

Шахта учаскесіндегі электровоздың 1973 жылы туған машинисті бағыттамалық бұрмалар жанында тұрғанда, оны вагон қағып кетіп, кеудесінен жарақат алған. 

Жұмысшы Астана қаласы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жатқызылды.