Өңірлер

ОҚО-да жұрттан жұмысқа тұрғызамын деп 5 млн теңге жинап алған алаяқ ұсталды

Күдікті ретінде 1990 жылғы жұмыссыз тұрғын ұсталды
Sputnik

АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер жұртты жұмысқа орналастырамын деп алдап, 5 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ жігітті ұстады, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Шымкентте алты адамды тақырға отырғызған алаяқ Астанада ұсталды

Мақтарал АІІБ 1 полиция бөліміне ондаған адам арызданып, ер адамға алданып қалғанын айтқан. Жәбірленушілердің бірі мәлімдегендей, алаяқ өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырып, жұмысқа тұрғызамын деп уәде етіп, жарты миллион теңгесін алып кеткен. 

"Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдікті ретінде 1990 жылғы жұмыссыз, жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу барысында күдіктінің алаяқтыққа қатысты 10 қылмысқа қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын мөлшері шамамен 5 миллион теңге болып отыр",- делінген хабарламада.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, жинақталған материалдар сотқа жолданды.

"Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері азаматтарға бейтаныс адамдармен сөйлескенде сақ болуын ескертеді. Жұмысқа тұрғызамын немесе ақшаға қандай да бір проблеманы шешіп беремін дейтін алаяқтарға сенбеңіздер. Мұндай алаяқтардың құрығына түспес үшін ерекше мұқият болыңыз", — деп ескертеді тәртіп сақшылары.