Оқиға

Алматыда қарт кісіні көлік басып кетті

Ер адам тиісті емес жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан
Sputnik

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Алматыда зейнеткерді көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Қайғылы оқиға Өтеген батыр көшесінде Райымбек даңғылына жетпей болған. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Toyota Corolla Өтеген батыр көшесімен солтүстік бағытта келе жатқанда, жаяу жүргіншілер өткеліне жетпей алдынан қарт кісі атып шығады.

1 / 2
Алматыда қарт кісіні көлік басып кетті
2 / 2
Алматыда қарт кісіні көлік басып кетті

Жүргізуші тоқтап үлгермей, қарияны бар жылдамдықпен қағып кеткен. 1939 жылы туған ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды.