Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор мен қазақстандық Ислам Бадургов 7 сәуір күні UFC 223 турнирі өтетін Бруклиндегі аренада бүлік шығарды.
Ирландиялыққа ресейлік спортшы Артем Лобов та қосылды. Олар ресейлік Хабиб Нурмагомедов отырған автобусқа шабуылдады. Макгрегор қатты затпен көліктің терезесін сындырып, бірнеше рет ұрған.
Бұған дейін қонақ үйлердің біріндегі төбелес кезінде Лобов пен Бадургов Хабибадан таяқ жеген болатын.
Макгрегор оқиғадан кейін Нью-Йорк полициясына өз еркімен берілгені хабарланды.