Өңірлер

Петропавлда арканың астында қалған қызға операция жасалды

Операция сәтті жасалды. Бойжеткен Астанада 10 күндей болып, әрі қарай Петропавлда емделмек
Sputnik

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Петропавлдың орталық көшесінде үстіне арка құлап, омыртқасынан жарақат алған қызға Астанада операция жасалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматыда жүк көлігінің астына түскен велосипедші қыз аяғынан айырылды

Естеріңізге сала кетсек, 22 жастағы Ксения Плотникова Наурыз қарсаңында бел омыртқасынан жарақат алған. Бойжеткен дауылдан құлаған декоративтік арканың астында қалған екен. 

Ксенияның анасы операция сәтті өткенін хабарлады. 

"Қызыма металлоконструкция салды, ақырындап жүріп үйреніп жатырмыз. Әлбетте, әзірше қиындау, — екі апта бойы қозғалмай жатты, аяқтары әлсіз. Бірақ жүріп кетеді, жүйке жүйесіне зақым келмеген. Жалпы реабилитацияға бір жыл кетеді, жарты жылдай отыруына тыйым салынған", — дейді қыздың анасы.

Ксения елордада тағы он күні жатып, әрі қарай Петропавлда емделеді.