Экономика

Президент Шөкеев пен Досаевқа "үй тапсырмасын" берді

Елбасы премьер-министрдің орынбасарларына сырттан әкелетін азық-түлікті азайтуды тапсырды
Sputnik

АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министрдің орынбасарлары Ерболат Досаев және Өмірзақ Шөкеевке "үй тапсырмасын" берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Назарбаев: жер алу неге қиындап кеткен?

"Мен талай рет айттым (Досаевқа қарап – автор ескертп.), экономика бойынша сен де мұны ескеріп, қарауың керек. Біз әлі де көп азық-түлікті, ет, шұжық, көкөніс пен жемісті сырттан тасимыз. Мұның бәрі өзімізде бар. Мүмкін, нанды да сырттан әкеліп жүрген шығармыз (Шөкеевке қарап – автор ескертп.)? Екеуіңе онда үй тапсырмасы. 100 пайыз қамтамасыз ету мүмкін еместігін түсінемін, бірақ ұйымдастырушылық болу керек", — деді президент. 

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен қаланы одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өтіп жатыр.