Әлем

Жасанды интеллект Жер бетіндегі ең үздік қаланы анықтады

Үздік қалалар рейтингінде бірде-бір елдің астанасы жоқ
Sputnik

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Австралиядағы Батыс Перт, Нидерландыдағы Фейеноорд және Нью-Йорк әлемдегі ең үздік қалалар атанды, деп хабарлайды SAS аналитикалық платформасы.

Адам өмірі үшін ең қолайлы қалалар тізімі көптеген критерийлерді ескере отырып, жасанды интеллекттің көмегімен жасалды.

Назарбаев: Қазақстан қалаларын "ақылды қалаға" айналдыру керек

"Батыс Перт қаласында демалыс пен спорт үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда 19 жағажай бар, сол үшін серфингистер бұл қаланы жақсы көреді. Әлемдегі күн шуағы ең мол түсетін қала – жылына 3200 сағат күн нұрын төгіп тұрады. Қоғамдық көлік тегін әрі қаланың өзге аудандарына тез қатынауға мүмкіндік береді", — дейді сарапшылар рейтинг нәтижесі туралы пікір білдіріп.  

ТОП-7 құрамына Санди Бэй (Тасмания, Австралия), Хебден Бридж (Ұлыбритания), Цюрих (Швейцария) және Вудинвилл (Вашингтон, АҚШ) қалалары кіреді.