АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Головкин мен Альварестің өкілдері жекпе-жекті 2018 жылдың күзінде өткізу үшін келіссөз жүргізеді. Жекпе-жек 15 қыркүйекте өтуі мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz.
Промоутер Том Леффлердің айтуынша, қазақстандық боксшы бұл жекпе-жекті кейінге шегеруге қарсы емес.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Канело арасындағы рематч 5 мамырға жоспарланған. Алайда ақпан айында Альварестің қанынан допинг табылып, соның салдарынан мексикалық боксшы жекпе-жектен бас тартты.
Алайда Головкин өзінің келесі жекпе-жегін жоспарлаған уақытында, яғни, 5 мамырда өткізбек. Бұл кездесудегі қарсыласы кім болары белгісіз.