АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Талғат Донақовты Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылсын", — деп жазылған жарлықта.
Талғат Донақов 1965 жылдың 16 қаңтарында туған. 2015 жылдың желтоқсанында ҚР мемлекеттік қызмет істері министрі қызметіне тағайындалды. 2016 жылдың қыркүйегінен бүгінге дейін Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болды.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1987).
КСРО Ғылым академиясының Құқық және мемлекет институтын аспирантурасын бітірген (1991). Заң ғылымдарының кандидаты.