Спорт

Головкиннің мамырда өтетін жекпе-жектегі басты қарсыласы анықталды

Головкин келесі жекпе-жекті T-Mobile Arena-да емес, MGM Grand кешенінің алаңында өткізуі мүмкін
Sputnik

АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. 5 мамырда Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін боксшы белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz. 

The Ring журналы дереккөзінің хабарлауынша, Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін басты үміткер 33 жастағы ирландтық боксшы Гэри "Спайк" О Салливан (27-2, 19 KO) болып отыр. 

Бұл боксшы орта салмақтағы WBA-NABA және WBO Intercontinental екінші дәрежедегі титулдарына ие. 

Головкин келесі жекпе-жекті T-Mobile Arena-да емес, MGM Grand кешенінің алаңында өткізуі мүмкін. Десек те, жекпе-жек HBO PPV-ның ақылы жүйесінде көрсетіледі.