Оқиға

Шымкентте кәсіпкер мен қызын өз үйінде пышақтап тастаған

Бизнесмен үлкен қызымен бірге темекі дүкенін ұстаған
Sputnik

АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Шымкентте кәсіпкер мен оның қызының мәйіті өз үйінде табылды, деп хабарлайды өңірлік tvk-uko.kz сайты. 

Шымкентте 58 жастағы жүргізуші туған інісі мен келінін қағып өлтірді

Ер адам мен қызының мәйіті көптеген пышақ жарақатымен 3 сәуірде табылды. Оларды Жұманов көшесіндегі үйде күндіз сағат екілер шамасында жауыздықпен өлтіріп кеткен. Қылмыскердің қолынан қаза болғандарды кәсіпкердің кіші қызы тауып алған. 

70 жастағы ер адам мен 45 жастағы қызы бизнеспен айналысқан, олардың темекі мен оған қажет жабдықтарды сататын дүкені бар. 

Сайттың ақпараты бойынша Шымкент полицейлері күдіктіні ұстаған, ол адам өлтіргенін мойындады.