АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Қарағанды облысында сот адам өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша үкім шығарды.
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, көлік апаты Алматы-Екатеринбург жолында болған.
Lada Largus жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол шетінде тұрған Hyundai Accent көлігін қағады. Көліктің арт жағында иесі тұрған екен. Салдарынан Hyundai жүргізушісі алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.
Lada Largus жүргізушісі сот үкімі бойынша айыпты деп танылып, бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар ер адамды жүргізуші құқығынан бір жылға айырған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.