Әлем

Отставкаға кеткен Аман Төлеев депутат болады

Аман Төлеев Кемерово облысының губернаторы қызметінен кетті
Sputnik

АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Кемерово облысының сайлау комиссиясының отырысында өңірдің бұрынғы басшысы Аман Төлеевке Кузбасс облыстық кеңесі депутатының мандатын беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды РИА Новости. 

"Бүгін Кемерово облысының сайлау комиссиясының отырысында осы мәселе қаралды. Халық депутаттары облыстық кеңесінің депутаты мандаты "Единая Россия" партиясының Кемерово өңірлік бөлімшесінен тіркелген кандидат Амангелді Молдағазыұлы Төлеевке берілді", — деп хабарлайды агенттік. 

Ресей президенті Владимир Путин жексенбі Төлеевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Өңірді уақытша Сергей Цивилев басқарады.