Қоғам

Ақпарат министрі Қазақстандағы сөз бостандығын бағалады

Дәурен Абаевтың айтуынша, сөз бостандығының деңгейі 10 балдық шкала бойынша 7-8 шамасында
Sputnik

АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев еліміздегі сөз бостандығына баға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақпарат министрлігі қазақстандық БАҚ-қа ескерту жасады

"Қазақстанда сөз бостандығы қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан бұл бағытта қолдан келгенін аянып қалып жатқанымыз жоқ…Мен өзім сөз бостандығы индексіне 10 балдық шкала бойынша 7-8 балл беремін. Қазақстанның баспасөзі азат, еркін деп ойлаймын", — деді Абаев үкімет отырысынан кейін журналистерге берген жауабында.

Министрдің айтуынша, халықаралық рейтингтерде басқа көрсеткіштің болуына көптеген фактор әсерін тигізеді.

"Өкінішке қарай, сауалнама әдісі сарапшылар бағасына қарағанда субъективті пікірге ие", — деді Абаев.