АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Қостанай облысында су тасқынының алдын алу үшін су қоймаларында жоспарлы жарылыс жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі.
"Су тасқынына қарсы бұл шаралар мұз сөгілуі басталған кезде өзендегі мұз кептелісінің алдын алу мақсатында жүргізіледі", — деп атап өтті мамандар.
Алғашқы жарылыстар 30 наурыз күні Қарасу өзенінде жасалды.
Жарылыс жұмыстарының жалпы көлемі – 8900 метр куб мұз.