АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Алматыда жол үстінде ашық қалған құдықтың кесірінен жол апаты болды.
Nissan Primera Назарбаев даңғылы бойында бар жылдамдықпен келе жатып, Мақатаев көшесінен өте бере, ашық тұрған канализациялық құдыққа дөңгелегімен түсіп кетіпті. Салдарынан көлік аударылып қалған.
Полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.