АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Полиция Саран қаласының саябағында ойран салған бұзақылардың кім екенін анықтады, деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаменті.
Бұдан бұрын әлеуметтік желіде жарияланған видеода белгісіз біреулер саябақтың ішінде ойран салған болатын: орындықтар мен қоқыс жәшіктерін төңкеріп, айналаны шашқан. Бұл оқиғаны полиция ғана емес, қала әкімдігі де бақылауына алды.
Полицейлер бақылау камералары арқылы бұзақылардың кім екенін анықтады. Олар кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер болып шықты.
Жасөспірімдердің заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, балалардың өздері тіркеуге алынды.