Қоғам

Алматы облысында жаңа аудан құрылады: Президент жарлыққа қол қойды

Жаңадан құрылатын Кеген ауданының әкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасады
Sputnik

АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысындағы Райымбек ауданын бөліп, Кеген және Райымбек ауданын құру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Астананың жаңа "Байқоңыр" ауданы әкімі тағайындалды

Президенттің "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" жарлығының мәтінін назарларыңызға ұсынамыз.

"Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.