Қоғам

Назарбаев Қазақстанның Ауғанстандағы елшісін тағайындады

Елші Өміртай Бітімов Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды
Sputnik

АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Қазақстанның Ауғанстандағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне Әлімхан Есенгелдиев тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан елшісі Ташкенттен Шымкентке велосипедпен келді

"Мемлекет басшысының жарлығымен Әлімхан Оңғарұлы Есенгелдиев Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды", — деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін бұл лауазымды Өміртай Бітімов атқарған болатын. Ол Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды.