Өңірлер

Шымкентте 58 жастағы жүргізуші туған інісі мен келінін қағып өлтірді

Қазіргі таңда полиция аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бірқатар сараптама белгіленді
Sputnik

АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Шымкентте мас күйінде көлік жүргізген азамат екі адамның өліміне себепші болды, деп хабарлады ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Рудныйда ер адамды көлік қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалды

Оқиға 2018 жылдың 26 наурызы күні Алматы –Ташкент –Термез тас жолының Шымкент қаласына қарасты аумағында болған.

"Мас халде болған 1960 жылғы азамат ВАЗ-21074 автокөлігімен екі адамды қағып кетті. Салдарынан 1962 жылы туған ер адам мен 1961 жылы туған әйел, яғни жүргізушінің туған інісі мен жұбайы оқиға орнында қаза тапты", — деп жазылған хабарламада.

ОҚО ІІД-нің жедел-тергеу тобы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, сараптамалар тағайындады. Күдікті қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабымен сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.