Оқиға

Оралда мектеп маңынан аула сыпырушының денесі табылды

Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Орал қаласында авиамектеп қоршауының артынан 46 жастағы аула сыпырушының денесі табылды, деп жазады "Мой город" порталы.

Қостанай облысындағы ауылда ерлі-зайыптылардың денесі табылды

Оқиға орнына бірден жедел жәрдем бригадасы аттанды, алайда дәрігерлер тек ер адамның өлгенін жеткізді. 

Авиамектеп қызметкерлері Артур есімді 46 жастағы аула сыпырушының әдеттегідей жұмысқа таңғы 9-да келгенін айтты.  

"Ол өзіне берілген тапсырманы орындау үшін жұмыс орнына кетті, алайда біраз уақыттан кейін гараж артынан мәйіті табылды", — деді авиамектептегілер. 

Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Істің мән-жайы анықталуда.