Экономика

Қазақстандық банктер салымшыларынан айырылып жатыр

Сарапшылар мәлімдегендей, қазақстандық банктер салымшыларынан айырылып жатқанымен, мәселе ушығып тұр деуге келмейді
Sputnik

АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Қазақстан банктеріндегі жеке депозиттер саны ақпан айында 0,4%-ға азайды, ұжымдық депозиттер — 3,1%-ға, деп хабарлайды FinProm.kz порталы. 

"ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі салымдардың жалпы көлемі 2018 жылдың ақпан айының соңында 16,5 триллион теңгені құрады – бұл биыл қаңтар айындағы көрсеткіштен 1,8%-ға кем. Алайда бір жыл ішіндегі көрсеткіш айтарлықтай өзгерген жоқ.

Елімізде жұмыссыздық деңгейі қандай?

Салымдардың жалпы көлемі былтырғы деңгейде қалса да, құрылымында бірқатар өзгеріс бар. 

"Ұжымдық салымдардың үлесі бір жыл ішінде 53,9%-дан 50,7%-ға дейін төмендеді, яғни 530,1 миллиард теңгеге қысқарып, 8,4 триллион теңгені құраса, жеке салымдар үлесі 46,1%-дан 49,3%-ға артып, 8,1 триллион теңге болды", — деп хабарлайды портал. 

Салым көлемінің ұлғаюы бойынша көш бастап тұрған – Сбербанк:175,7 миллиард теңге өсім байқалады. Бұл банк ұжымдық және жеке депозиттердің өсімі бойынша екінші деңгейлі банктер ішінде үздік бестікке кіреді. Одан кейін Kaspi – өсім көлемі 170,8 миллиард теңге және ForteBank — 152 миллиард теңге. 

Әрі қарай үздіктер тізімінде салым мөлшері 120,8 миллиард теңгеге артқан Qazkom және Тұрғын үй жинақ банкі – 113 миллиард теңге.