Финалдық шоудың қалай өткенін, арулардың арасында қайсысы топ жарғанын, 3 миллион теңгені "Қазақстан аруы" жеңімпазы қайда жұмсайтынын Sputnik Қазақстан фотолентасынан оқыңыздар.
1 / 14
Байқау қатысушыларының көйлектері ұлттық нақышта безендіріліп, арулардың келбетін әсем әшекей-бұйымдар одан сайын ажарландыра түсті.
© Sputnik / Болат Шайхинов
2 / 14
Бойжеткендер саханаға этностық-casual стиліндегі образбен шығып, көрермендерді ерекше сұлулығымен таңғалдырды.
© Sputnik / Болат Шайхинов
3 / 14
Ақылына көркі сай, қыпша бел қыздар мың бұрала сахнаға шығып, әділ қазылардың назарына түсу үшін барын салды.
© Sputnik / Болат Шайхинов
4 / 14
"Қазақстан аруы" байқауы Наурыз мейрамымен қатар келгендіктен, бағдарлама ұлттық салт-дәстүр мен халқымыздың өнерін айшықтауға бағытталды.
© Sputnik / Болат Шайхинов
5 / 14
Бұдан бөлек, өнерлі қыздарымыз кішкентай күнінен бойына сіңірген ерекше қабілеттерін ортаға салды.
© Sputnik / Болат Шайхинов
6 / 14
Дәстүр бойынша, дарындылар шоуында жеңімпаз атанған ару бірден үздік 15 қыздың қатарына кіреді.
© Sputnik / Болат Шайхинов
7 / 14
Дауыс беру жарнасы мен билеттер сатылымынан түскен қаражат түгелдей қайырымдылық шараларына жұмсалмақ.
© Sputnik / Болат Шайхинов
8 / 14
Қарағанды аруы ұлттық үлгідегі киіммен сахна төріне шықты.
© Sputnik / Болат Шайхинов
9 / 14
"Қазақстан аруы" байқауының финалдық шоуында еліміздің түпкір-түпкірінен келген ең сұлу 30 қыз сайысқа түскен.
© Sputnik / Болат Шайхинов
10 / 14
Әділ қазылар ең үздік бес бойжеткенді анықтап, смс арқылы және онлайн режимде ең көп дауыс жинаған ару "Қазақстан аруы" атағына ие болды.
© Sputnik / Болат Шайхинов
11 / 14
Атыраулық Альфия Ерсайын "Қазақстан аруы" атанып қана қоймай, 3 миллион теңге сыйақы иеленді.
© Sputnik / Болат Шайхинов
12 / 14
Кең пейілді бойжеткен бүкіл қаражатты қайырымдылық мақсатта жұмсайтынын мәлімдеді.
© Sputnik / Болат Шайхинов
13 / 14
"Қарағанды аруы" 19 жастағы Екатерина Дворецкая І вице-мисс атанды.
© Sputnik / Болат Шайхинов
14 / 14
Альфия Ерсайын небәрі 16 жаста болса да, қазірдің өзінде сән әлемінде модельдік мансабын бастап кеткен.
© Sputnik / Болат Шайхинов