АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Ақтауда он алты жастағы бозбала өз-өзін өлтірмек болған 37 жастағы ер адамды құтқарып қалды, деп жазады "Ақтау-Лада" басылымы.
Аслан 31 наурыз күні кешке үйіне қайтып келе жатып, жертөледен біртүрлі дыбыс естиді. Төменге түссе, ер адам асылып қалыпты. Бозбала үйінен пышақ әкеліп, арқанды кесіп жібереді де, ер адамның мойнын босатып, дәрігерлер мен полиция шақырады.
Ер адам есін жинаған. Ол мас болған екен.