АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Алматыда Әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысына жақын жерде жол апаты болды.
Hyundai Accent көлігі Әл-Фараби даңғылымен келе жатқан. Жароков көшесіне жете бергенде, жүргізуші неге екені белгісіз рөлге ие бола алмай қалады. Көлік әуелі жарық бағанасын қағып құлатып, кейін ағашқа бір-ақ соғылған, деп хабарлайды оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Жол апаты орнына жедел жәрдем шақырылып, төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері жүргізушіні көліктен шығарып алуға көмектескен.
Әртүрлі жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.