Өңірлер

Шымкенттік таксистер Кемерово тұрғындарына қолдау көрсетті

Ер-азаматтар мектептердің бірінде еске алу шарасын өткізіп, оқушылар мен келер ұрпақ ізін жалғастырады деп үміт артты
Sputnik

АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Шымкенттік такси қызметінің шопырлары Кемероводағы өрттен қаза тапқандардың рухына бағыштап 64 ағаш отырғызды.

Такси жүргізушілері еске алу шарасын қала мектептерінің бірінде өткізген. Ер-азаматтар оқушылар ағаштарды күтіп-баптап, еске алу бағына айналдырады деп сенеді.

"Бұл біздің ортақ қайғымыз, мәңгі жадымызда сақтап, өміріміздің әр сәтін бағалауымыз керек. Кемероводағы балар мен ересектер бейбіт заманда ажал құшты. Ешкімді кінәлағымыз келмейді, оны біз шешпейміз. Тек барлық баланы еске алғымыз келеді, бұл біздің ортақ балаларымыз. Ал мына ағаштар өмірдің әрі қарай жалғасатынын білдіреді. Осы ағаштар өсіп-өніп, жантүршігерлік оқиғаның құрбандарына арналған ескерткіш болсын", — дейді қызметкерлер "Отырар" басылымына берген сұхбатында.

Шымкенттегі еске алу шарасы