Оқиға

Алматыда Mazda мен BMW соқтығысып, екі адам зардап шекті

Mazda жүргізушісі BMW көлігіне жол бермей, салдарынан екі көлік соқтығысқан
Sputnik

АСТАНА, 1 сәуір — Sputnik. Алматыда Құлжа трактында Рысқұлов даңғылынан төменірек Қайрат ауылына бұрылар жерінде көлік апаты болып, салдарынан екі адам ауруханаға түсті.

Sputnik Қазақстан агенттігіне куәгерлер хабарлағандай, BMW 7 көлігі Құлжа трактымен оңтүстік бағытта келе жатқан, ал Mazda – солтүстік бағытта. Mazda жүргізушісі тоқтап, солға қарай бұрылмақ болады, бірақ BMW көлігін өткізіп жібермегендіктен, қос көлік соқтығысып қалыпты.

1 / 4
Mazda мен BMW соқтығысып, екі адам зардап шекті
2 / 4
Mazda мен BMW соқтығысып, екі адам зардап шекті
3 / 4
Mazda мен BMW соқтығысып, екі адам зардап шекті
4 / 4
Mazda мен BMW соқтығысып, екі адам зардап шекті

Қатты соққыдан BMW артқа қарай шыр көбелек айналып, ал Mazda жанармай бекетінің аумағына бір-ақ ұшқан. Көліктің күл-талқаны шықты, қалпына келтіруге келмейді.

Жол апатынан екі адам зардап шеккен — Mazda жүргізушісі мен жолаушысы. Көптеген жарақат алған олар ауруханаға жеткізілді.

Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.