Спорт

Головкиннің командасы "Канелоны" басқа бір мексикалықпен алмастыратын болды

Көпке белгісіз Джейми Мунгияның бірде-бір атақты қарсыласы болмаған
Sputnik

АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. 5 мамырда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда бұл жекпе-жек мексикалықтың қанынан кленбутерол табылуы салдарынан өтпей қалуы мүмкін, деп жазды sports.kz.

"Канело" спорттан қанша уақытқа шеттетілетіні белгілі болды

Осыған байланысты қазақстандық боксшының командасы өз шәкіртіне өзге қарсылас іздей бастады. Бұған дейін Деметриус Андраде мен Сергей Деревянченко 5 мамырда рингке шығуға дайын екенін жария еткен еді. Енді Головкинге атағы шыға қоймаған мексикалық Джейми Мунгия (28-0, 24 КО) қарсылас атануы мүмкін екені анықталды.  21 жастағы боксшының бірде-бір атақты қарсыласы болмаған.

"Головкиннің командасы О’Салливан жайлы айтып жатқанын естіп қалдым. Сондай-ақ Джейми Мунгияға ұсыныс жасалды", —  деп инсайдер Дэн Рафаэлдің сөзінен үзінді келтірген Boxingnews24.