Әлем

Дағыстан тұрғыны қалыңдығын таспен ұрып өлтірді

Қылмыс жасалған сәтте жолда жатқан қыздың жанынан такси өтіп кеткен, оның жүргізушісі көмекке келмеген
Sputnik

АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Дағыстанда қалыңдығын өлтірді деген күдікке ілінген 25 жастағы жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрда жігіт трассада жатқан қыздың басынан үлкен таспен ұрып жатқаны көрінеді. Дәл жанынан такси өтіп кетеді, ондағы адамдардың ешқайсы көмекке келмеген. 

Павлодарда жасөспірім ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдікке ілінді

РИА Новости республиканың құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлағандай, ер адам қыздан опасыздық жасады деп күдіктенген. Марқұм күдіктінің қалыңдығы екені белгілі болды.      

Тергеу мәліметі бойынша, қанды оқиға Хасавюрт қаласында өткен аптаның сенбісінде болған. Денесінде зорлықпен өлтіру белгілері бар әйелдің мәйіті жолдан табылған.  

Бұл қылмысты жасады деген күдікпен Хасавюрт қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.