Өңірлер

Оңтүстік Қазақстанда имам сотталды

Абдулрапи Рахматуллаев терроризмді насихаттап және осындай мазмұндағы материалдарды таратқан
Sputnik

АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылындағы орталық мешіттің бұрынғы бас имамы үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Оңтүстік Қазақстанда имамға ауыр айып тағылды

Қызметін атқарып жүріп терроризмді насихаттап және осындай мазмұндағы материалдарды таратып, уағыздағаны үшін Абдулрапи Рахматуллаевқа ҚР ҚК-нің 174-бабы 2-ші бөлігімен айып тағылған.

Дәл осындай сипаттағы айыптармен, яғни әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттайтын хабарламалар таратқаны үшін Сайрам ауданының тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы Дастанбек Белдімұратовқа ҚР ҚК нің 256-бабы 1-ші және 2-ші бөліктерімен айып тағылған. Ол "ВК" әлеуметтік желісі мен Ватсап телекоммуникациялық желісінде терроризмді насихаттаған.