АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Белгілі америкалық боксшы Флойд Мейвезер Геннадий Головкинмен жекпе-жек алдында мексикалық Сауль Альварестің қанынан допинг табылуына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
"Не дейін, мұндай оқиғалар болып тұрады. Қиын жағдай. "Канело" туралы да, GGG туралы да жаман ештеңе айта алмаймын. Кездесудің өтуі керек деп ойлаймын. Альварес допингпен ұсталды, жарайды, енді оған қаны мен зәрін өткізіп, қосымша тесттер тапсыруға тура келеді. Егер бәрі жақсы болса, олар міндетті түрде жұдырықтасады", — деді Мейвезер.
Естеріңізге сала кетсек, Канелоның допинг дауы туралы шешім 18 сәуірде шығарылады.