АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Президент ұсынған арзан ипотекалық бағдарлама бойынша қазақстандықтарға берілетін кредиттің шекті сомасы белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Астана, Алматы, Атырау мен Ақтау сияқты ірі қалалар үшін несие көлемі – 25 миллион теңге. Басқа қалалардың тұрғындарына 10 миллион теңге, өңірлерде 7 миллион теңге беріледі. Мәселен, ірі қалаларда тұратын азаматтар 25 миллион теңге кредитпен аумағы 70 шаршы метр, 2-3 бөлмелі пәтер сатып ала алады. Ай сайынғы төлем 170 мың теңге шамасында шығады", — деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков Астанада өткен дөңгелек үстелде.
Ол жаңа бағдарлама бойынш ипотекалық несие тек теңгемен берілетінін атап өтті.
Айта кетсек, Елбасы ұсынған жаңа бағдарламаға сәйкес, несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 пайыздан, бастапқы жарнасы 20 проценттен аспайды Несие мерзімі – 25 жылға дейін.