АСТАНА, 30 наурыз — Sputnik. Интернетте бокс туралы трансляция жүргізетін On Queer Street мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) 2016 жылы берген сұхбатын еске алды, онда ол жаттығу лагерінде жүргенде қандай тамақ жейтінін әңгімелеп берген, деп хабарлады Sports.kz.
"Қазір ғана „Канело“ өзінің лагердегі диетасы туралы айтып берген сұхбатты тауып алдым. Онда жаттығу кезінде тек тауық етін жейтінін айтқан", — деп атап өтті On Queer Street.
Шынында да, бұл сұхбатта Альварес күн сайын қалай тамақтанатынын бүге-шігесіне дейін баяндап берген: таңғы ас –жұмыртқа ақуызы мен апельсин шырыны, ланч — сәбіз қосылған тауық еті, кәді (кабачок), брокколи және түсті орамжапырақ, жүрек жалғауға — алма, қияр, жүзім, джикама, түскі ас — көмірсусыз протеинді коктейль.
Естеріңізге сала кетейік, "Канелоның " 17 және 20 ақпанда алынған екі допинг сынамасынан кленбутерол табылған болатын. Оның командасының айтуынша, тыйым салынған зат ағзаға мексикалық сиыр еті арқылы түскен.