Әлем

Мұғалімдер оқушыларға ата-анасының қарызын біліп келуді тапсырған

Оқушылардың ата-аналары мектеп басшылығының бұл әрекетіне наразы болып отыр
Sputnik

АСТАНА, 30 наурыз — Sputnik. Өзбекстанның Янгуль ауданында мектеп оқушыларына ата-аналарының табиғи газ, электр қуаты мен суға қарыздарын біліп келуді тапсырған, деп хабарлайды centralasian.org.

Мұғалімдер тағы да міндетіне жатпайтын жұмыстарға "жегілмек"

26 наурызда бұл аудандағы әрбір мектептегі 6-9 сынып оқушыларынан үш күннің ішінде коммуналдық қызметке қатысты сауалнаманы толтырауын талап еткен. Оны уақытылы өткізбеген оқушыларға "жаман баға қойылатыны" ескертілген.

Оқушылардың ата-аналары мектеп басшылығының бұл әрекетіне наразы болып отыр. 

"Бұған мектептің не қатысы бар? Оның үстіне мұғалімдер балаларды жаман баға қоямыз деп қорқытып қойған", — деді аудан тұрғыны Наталья Верченко.

Янгуль ауданындағы бір мектептің директоры мұндай тапсырма аудан әкімдігінен түскенін айтты.

Бас прокуратураға қарасты Мәжбүрлі түрде орындату бюросының баспасөз қызметі мұндай жағдайдан хабарсыз екенін хабарлаған.