Өңірлер

Дабылды ескерту: екі облыста өзендер арнасынан тасуы мүмкін

Екі облыста дабылды ескерту жарияланды
Sputnik

АСТАНА, 30 наурыз — Sputnik. Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"30 наурыз – 1 сәуір оң мәнді ауа температурасының сақталуы мен жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде су тасу,  бөктерлік ағынның қалыптасуы ықтимал", — деп хабарлайды Қазгидромет.