Өңірлер

Алматыда әскери бөлімге шабуыл жасалғаны рас па?

Тәртіп сақшылары жалған ақпаратты тарату бойынша тексеріс жүргізіп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Алматының ішкі істер департаменті мессенджерде әскери бөлімге шабуыл жасалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Алматыда қарулы қарақшы супермаркетті тонады

Полицейлердің ақпаратынша, WhatsApp мессенджерінде Алматы қаласындағы әскери бөлімге шабуыл жасалғаны және тәртіп сақшыларына қарсы террорлық акті ұйымдастырылғалы жатқаны туралы аудиохабарлама тарап жатыр. 

"Аталған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз", — деп мәлімдеді қала полициясы. 

Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты ішкі істер органдары тексеріс жүргізіп жатыр. 

Тәртіп сақшылары жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.