Қоғам

Қазақстандықтар өрттен қаза тапқан өзбектердің отбасына ақша таратты

Самара – Шымкент тас жолында автобустан шыққан өрттен Өзбекстанның 52 азаматы қаза тапқан болатын
Sputnik

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Бизнесмен Айдын Рақымбаевтың компаниясының қызметкерлері 10 миллион теңге жинап, Ақтөбе облысында автобустағы өрттен қаза тапқандардың отбасыларына таратты.

52 адам қаза болған автобустағы өрттің нақты себебі анықталды

Қайырымдылық акциясына компанияның 1300-ге тарта қызметкері мен акционерлері қатысқан. 

"Көбісінің артында бір мезетте асыраушысынан айырылған балалар қалды. Өкінішке қарай, отбасыларға ақша таратуға ресми түрде рұқсат алуға бір ай уақыт қажет болды. Бірақ біз күтіп, ауыл-ауылды аралап, бауырлас халқымызға көңіл айттық", — деп жазды Рақымбаев әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Оның айуынша, кейбір отбасылар қазақстандықтардың мұндай қамқорлығына таңғалған, ал енді бірі көмектен бас тартыпты. 

Еске сала кетсек, 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолаушылар автобусынан өрт шықты. Автобустың ішінде 57 адам болған.  Оқиға орнында 52 адам қаза тапты, олардың барлығы Өзбекстан азаматтары. Бес адам – үш қазақстандық пен Өзбекстанның екі азаматы аман қалды, олардың қолдарын ғана күйік шалған.