АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Ақмола облысы Курское ауылдық округының бұрынғы әкімі ауыл тұрғынын өз-өзін өлтіруге дейін жеткізді деп айыпталды, деп хабарлайды ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.
ІІД түсіндіргендей, 17 наурызда Есіл орталық аудандық орталығының қабылдау бөліміне 1971 жылы туған ер адам жеткізілді. Дәрігерлер оған бас сүйек жарақатын алып, миына зақым келген деп диагноз қойды. Ер адам 22 наурызда көз жұмыпты. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.
"Осы дерек бойынша бұрынғы әкімге қатысты "Өзін-өзі өлтіруге дейін жекізу" бабы бойынша іс қозғалды. Жәбірленуші тараптың өтініші бойынша, сот-медициналық сараптама Қостанай қаласында жүргізіліп жатыр", — деп мәлімет берді полиция.
27 наурызда ауыл әкімі қызметінен босатылған.