Қоғам

Жезөкшелерді қамшымен сабаған: полиция рэпер Ахмадиевтің видеосын тексеріп жатыр

Музыкант түсірген аты шулы бейнеклип Желіде тарап кетті
Sputnik

АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Полиция қазақстандық рэпер Жан Ахмадиевтің бейнежазбасын тексеріп жатыр. "Қазақпыз ғой" YouTube-арнасында жарияланған видеода орындаушы "жезөкшелерді қамшымен қуып жүр" – осылай деп рэпердің өзі түсіндірген.

Ақтауда қыздардың жезөкшелікпен айналысқанын мойындаған видеосын олардың отбасына жібермек

Бейнежазбада Ахмадиев қаланы аралап жүріп, жолдың шетінде тұрған жезөкшелермен сөйлеседі. Әңгіме барысында ол кенеттен қамшы алып шығып, қыздардың бірін сабай бастайды.

Полиция бұл видеоға қатысты пікір білдірді.

"Аталған дерек бойынша әзірше арыз түскен жоқ. Видеоны тексеріп жатырмыз", — деді Алматы ішкі істер департаменті өкілі   Салтанат Әзірбек Sputnik Қазақстанға берген мәліметінде.