Қоғам

Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясын шақыруды тапсырды

Ассамблея сессиясы президенттің бес әлеуметтік бастамасына арналады
Sputnik

АСТАНА, 27 наурыз  — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Назарбаев жаңа тұрғын үй бағдарламасын ұсынды

"Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясы 2018 жылғы 28 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында "Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры" күн тәртібімен шақырылсын", — деп жазылған хабарламада.

Сессияны өткізуді ұйымдастыру үкіметке тапсырылды.  

Айта кетейік, наурыз айының басында парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан президенті халықтың тұрмысын жақсартатын бес әлеуметтік бастаманы жария еткен болатын.