Қоғам

Синоптиктер 27 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты

Еліміздің кей өңірлерінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады
Sputnik

АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып өтеді, тек республиканың батысында және оңтүстік-батысында күн ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстікте кей жерлерде найзағай ойнайды, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

Қазақстанның үш облысында дабылды ескерту жарияланды

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – 15-20 м/с. 

Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, түнде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.   

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді – 15-20 м/с, түнде көктайғақ  болады. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, түнде Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Алматы облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді.